«Кеңащы ауылының ЖОББМ» КММ бойынша 2022-2023 оқу жылы қарсаңында асхана дайындығын тексеру №1 актісі
Тексерістің мақсаты: «Жаппай білім беру қорынан көмек» алатын тәрбиеленушілердің білім бөлімі тарапынан ұйымдастыратын тегін тамақпен қамтамасыз ету, асхананың санитарлық дайындық жұмыстарын пысықтау.
Біз, төменде қол қоюшылар комиссия құрамы:
Тексерістің қорытындысы:
2022 жылдың қыркүйек айының 5-і күні мектеп асханасының жағдайы тексерілді. Асханада 60 орындық, 12 үстел, ас дайындайтын шкаф-1, электрлі плита-1, 2006 жылғы тоңазытқыш-1, 2009 жылғы ыдыс қоятын сөре-1, 2014 жылғы ас дайындайтын үстелдер-2 дана, 1, 2 тағамдарға арналған ыдыс-аяқтар 100% жеткілікті. Санитарлық-эпидемиялогиялық жағдайға байланысты парталардың арақашықтығы белгіленіп, асханада маска режимі қатаң сақталуы үшін жұмыстар жүргізілуде. 2022-2023 оқу жылы «Кеңащы ауылының ЖОББМ» КММ бойынша оқушылар 1 ауысымда оқитыны 1 ауысымда-78 оқушы, оның-43-і асханада тамақтанатын болды. Мектеп асханасын ЖК «Акимбаева» жалдап, тегін тамақтанатын және буфеттік тамақпен қамтамасыз ететін болып бекітілді. 2022-2023 оқу жылында «Жаппай білім беру қорынан» 39 оқушы тегін және қордан материалдық көмек алатын тізімге енді. Сонымен қатар, білім бөлімінің қолдауымен 1-сыныптың барлық оқушысы тегін тамақтантын болды. Мектеп асханасында бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген.
Ұсыныс: Асхана санитарлық талаптар күшейтілсін. Асханда тамақтатын уақытта кезекші сынып пен кезекші мұғалім қадағалау жұмыстары атқаруы бақылансын. Оқу жылы қарсаңында тамақтанатын оқушылардың асханаға келуін уақылы қадағалау ұйымдастырылсын.
Мектеп директоры: Садуова Г.С.